Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Урюпинка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Урюпинка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай жалпықазақстандық ашық диктант

11.09.2025

Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл сайын 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай жалпықазақстандық ашық диктант (бұдан әрі – диктант) ұйымдастырып келеді.

Биылғы диктант Үкіметтің «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (24.10.2024 ж. №878 қаулы, 24-тармақ) аясында өткізіледі. Бұл жоспар мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

Диктанттың мазмұны еліміздің тарихында айрықша орны бар белгілі тұлғалардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, мәдениет пен әдебиет өкілдерінің өмірі мен еңбегіне арналады. Бұл дәстүр елге еңбегі сіңген қайраткерлердің мұрасын насихаттап, жұртшылықты ел тарихы мен рухани құндылықтарды тереңірек тануға жетелейді.

2025 жылы диктант ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналады.

Просмотров: 64


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст