Текст
Кәсіптік бағдар беру кездесуі:"полициядағы қызмет — мықтылардың таңдауы". Іс-шараның мақсаты - оқушыларды полиция қызметкерінің кәсібімен таныстыру, жұмыс бағыттары, ІІМ оқу орындарына түсу шарттары және құқық қорғау органдары жүйесіндегі мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы әңгімелеу.Мұндай кездесулер жасөспірімдердің кәсіби өзін-өзі анықтауында маңызды рөл атқарады, ішкі істер органдарында қызметке деген құрметті қалыптастырады және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектеседі. АІІБ қызметкерлеріне ашық және мазмұнды әңгіме үшін алғыс айтамыз! Біз одан әрі ынтымақтастық пен жаңа қызықты кездесулерге үміттенеміз.