Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Урюпинка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Урюпинка ауылының жалпы білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мейрамы

10.06.2025

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз мейрамы көктемгі күн мен түннің теңелетін күніне сәйкес келетін жаңа жылдың басы.
Мақсаты: Балаларды көктемгі «Наурыз» мерекесімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрыптарына қызығушылықтарын арттыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады. Ертеде мереке келер алдында үйлерін, шаруашылықтарын ретке келтіріп, мереке құрметіне ағаштар мен гүлдер отырғызатын. Мерекенің келуімен қазақтар мерекелік киімдерін киіп, бір-біріне қонаққа келіп, құттықтауларын айтып, келер жылдың берекесін тілейді. Біздің қазақ жеріне Наурыз көктем мерекесі де келіп жетті.
Ойын-сауық барысында бүлдіршіндерге «Қызды ұста», «Арқан тарт», «Киіз үй», «Теңге жынау» ойындары, ән мен тақпақтар арқылы қазақ мәдениетінің ұлттық бояуы таныстырылды. Мереке кезінде шағын орталықта жақсылық, көңілділік пен қуаныш атмосферасы орнады. Балалар қызығушылықпен қатысты, қазақтың жаңа салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен, ойындарымен танысты.

Просмотров: 299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст